• kz
  • ru
  • Қозғалыс

    Мысықпен серуендеу

    Жануарды далаға шығару қажет пе? Тіпті тәжірибелі мысық иелерін толғандыратын сұрақ. Келесі сұрақтардың жауаптары ақылға салынған шешім қабылдауға көмектеседі: «серуендеудің мысығым үшін қандай артықшылығы бар?», «далада мысық қандай қауіпке тап болады?», «үй мысығын далаға шығаруға бола ма?», «менің мысығым далаға шықпай-ақ бақытты бола ала ма?» және «марғауды далаға шығаруға бола ма?».

    МЫСЫҚТЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ

    «Мысықты далаға шығару қажет пе?» деген сұраққа шешім қабылдай отырып, екі нәрсені есте ұстау маңызды. Біріншіден, барлық мысықтар әр түрлі, мінез-құлықтың жеке ерекшеліктері және түрлі қалаулары болады. Бір мысыққа жақсы нәрсе сіздің мысығыңызға да тура солай бола бермейді.
    Мысалы, үйсіз өмір сүріп қаңғырған мысықты асырап алсаңыз, онда ол далаға қуана-қуана шығып тұрады. Бірақ мысығыңыз басқа жануарлармен сыйыспайтын болса, онда ол серуендеуді жақтырта бермейді. Пәтерден шықпаған кішкентай марғау таза ауада қыдыруға ниетті болуы да, мүлдем керек етпеуі де мүмкін. Егер сіз тиісті шара қолданып, үйдегі немесе даладағы кеңістікті барынша қауіпсіз әрі қызықты ете білсеңіз, онда тек үйде өскен мысықтар да, далаға шыға алатындары да толыққанды әрі бақытты өмір сүре алатынын түсінген абзал.

    ӘЙТСЕ ДЕ МЫСЫҚ ДАЛАҒА ШЫҚҚЫСЫ КЕЛСЕ, НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?

    Мысықтар қызыққұмар, сондықтан беймәлімнің бәрін зерттегенді ұнатады. Оларды далада кездестіре алатын қызықты жерлер, дыбыстар, дәмдер, бедерлер мен иістер қызықтырады. Жәндіктер, жарықпен және көлеңкемен ойнау, кеміргіштер, құстар мен өсімдіктер оларды бей-жай қалдырмайды. Егер мысығыңыз таза ауада серуендегенді ұнатса, осындай шешімнің барлық оң және теріс жақтарын ойластырыңыз.

    МЫСЫҒЫҢЫЗДЫҢ ТАЗА АУАДАҒЫ СЕРУЕНДЕУІНІҢ ОҢ ЖАҚТАРЫ

    • Өздігінен жүретін мысықтар белсендірек серуендейді: олар ағаштарға өрмелеп, секіріп, жүгіре алады, жаңа жерлер мен заттарды зерттей алады.
    • Үйден тыс жерде мысығыңыз өзінің инстинктерін еркін жүзеге асыра алады мысалы, тырнақтарын қайрайды. Үйде бұл жайсыздық тудырады, әсіресе ол оны жиһазға немесе жаңа пердеге қайрайтын болса.
    • Ашық кеңістікте мысық қызық жерлерді, иістерді, дәмдер мен бедерлерді зерттейтін болады. Бұл оған табиғи қызығушылығын оятып, көңіл-күйін жақсартатын жаңа әсерлер береді.
    • Сіз жауын-шашынды күндерге және түнгі уақытқа арналған әдеттегі дәрет ыдысына қосымша ретінде бақшаның қауіпсіз бұрышында тағы бір орын дайындай аласыз.
    • Мысыққа тығылып, домалай алатын бақшаның шөбі биік жеке бұрышына ие болған ұнайды.

    ДАЛАДА МЫСЫҚ ҚАНДАЙ ҚАУІПКЕ ТАП БОЛАДЫ

    • Көшеде мысыққа ең үлкен қауіптердің бірі машиналар болып табылады. Магистральдар мен трассалар өте қауіпті, ауыл арасындағы жолдарда да мысық зақым алып немесе қатты қорқуы мүмкін.
    • Мысық автомобиль капотының астында жасырынуы мүмкін.
    • Мысық алыс жаққа кетіп қалып, тығылуы мүмкін. Жоғалтып алмас үшін әдеттегі қарғыбауды пайдаланбаңыз. Өлшемі жағынан келетін қауіпсіз қарғыбау сәйкестендіру мойынтұмарымен жабдықталған және қажет болғанда өздігінен шешілетін болуы тиіс.
    • Мысыққа түлкі, ит және басқа агрессивті мысықтар қауіп төндіруі мүмкін.
    • Далада жүретін мысықтар көбінесе жұқпалы аурулармен, әсіресе басқа мысықтармен төбелескенде ауырады. Ең жиі кездесетін аурулар: мысықтардың вирустық лейкемиясы, жұқтырылған иммундық тапшылық синдромы, абсцесс, респираторлық вирустық инфекциялар.
    • Мысықтар үшін бақша зиянкестеріне қарсы құралдар, антифриз немесе егеуқұйрық уы сияқты улы заттар қауіпті.
    • Лалагүл немесе поинсеттия сияқты кейбір әдеттегі бақша өсімдіктері мысықтар үшін өте улы.
    • Мысық біреудің гаражында немесе сарайында кездейсоқ құлыпталып қалуы мүмкін.
    • Далада мысықтың кене жабыстыру немесе гельминттерді жұқтыру ықтималдығы жоғары.
    Осылайша, мысықтың далада жүру мүмкіндігінің жақсы жақтары көп-ақ, бірақ белгілі бір қатерлері де бар. Оларға машиналар, басқа жануарлар, аурулар мен паразиттер, улы заттар мен улы өсімдіктер, жоғалу немесе тұзаққа түсу ықтималдығы жатады.

    СЕРУЕНДЕЙТІН АЙМАҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

    Серуендейтін аймақты бағалаа алу өте маңызды. Сұрақтарға жауап беріңіз: ең жақын жол қаншалықты алыс орналасқан? Үйдің айналасында қаңғып жүрген иттерге аулаға кіруге мүмкіндік бермейтін және мысығым үшін көшеге шығуды шектейтін қоршау бар ма? Бақшамда не өседі? Көршілердің иті бар ма? Отбасы қандай күн тәртібін ұстанады? Егер мысық қорқып қалса немесе көшеде қалуға тура келсе, оны үйге кіргізетіндей үйде біреу болады ма?

    МЫСЫҚТЫҢ ДАЛАДА ЖҮРУІН ҚАЛАЙ ҚАУІПСІЗ ЕТУГЕ БОЛАДЫ

    • Мысықтың барлық қажетті екпелері барына көз жеткізіңіз.
    • Бүргелерге, кенелерге және ішкі паразиттерге қарсы өңдеуді жүйелі түрде жасап жүріңіз.
    • Мысығыңызға микрочип жасаңыз. Егер сүйікті досыңыз жоғалып кетсе әлде үйден алыс жаққа кетіп қалса, микрочип іздеу жұмыстарын айтарлықтай жеңілдетеді.
    • Мысығыңызды ұрықсыздандырыңыз.
    • Жолдың жанында тұратын болсаңыз, мысықты қозғалыс көп болатын кезде шығармауға тырысыңыз.
    • Мысыққа қараңғы түскенде үйге қайтуды үйретуге тырысыңыз. Түнде мысықтарға үлкен қауіп төнеді, өйткені машинаның фаралары көзін шағылыстыруы мүмкін.
    • Бақшадағы барлық қауіпті химикаттарды алып тастаңыз және көршілеріңіз қандай заттарды қолданатынын тексеріңіз.
    • Мүмкіндігінше аулаңызда немесе бақшаңызда улы өсімдіктер жоқ екенін тексеріңіз.
    • Лаванда сияқты мысық үшін қауіпсіз өсімдіктерді ғана отырғызыңыз. • Бақшада мысықтың үйден алыс кетпей, таза ауада жүруіне мүмкіндік беретін қоршалған кеңістік жасауды қарастырыңыз.

    МЫСЫҚТЫ ДАЛАҒА ШЫҒАРМАУ ШЕШІМІН ҚАБЫЛДАСАҢЫЗ, НЕНІ БІЛУ ҚАЖЕТ

    Мысығыңызға далада серуендеудің оң және теріс жақтарын қарастыра отырып, үйде қалғаны дұрыс болар деген қорытындыға келуіңіз мүмкін. Бұл айдан анық таңдау. Далаға мысықты шығармау шешімінің өзіндік артықшылықтары да, кемшіліктері де бар екенін ұмытпаңыз.

    МЫСЫҚТЫ ҮЙДЕ ҰСТАУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

    • Мысықтың вирустық инфекцияны немесе паразиттерді жұқтыру ықтималдығы төменірек. Мысықтың жоғалып кету немесе машина астында қалу қатері де төмендейді.
    • Мысығыңыз басқа жануарлардың, әсіресе, басқа мысықтардың шабуылынан қорғалған болады.

    МЫСЫҚТЫ ҮЙДЕ ҰСТАУДЫҢ ЫҚТИМАЛДЫ КЕМШІЛІКТЕРІ

    • Егер мысық өзінің инстинктерін жүзеге асыра алмаса, мысалы, кеңістікті кедергісіз зерттеп, тырнақтарын егей алмаса, өзін жабырқаңқы сезінуі мүмкін.
    • Бөлмеде мысығыңыздың дене белсенділігі аз болады, сондықтан артық салмақ қосу қаупі артады.
    • Мысықтың дене белсенділігін сақтау сіздің басты мәселеңізге айналады.
    • Егер үйде балалар болса, онда мысықтың үйден қашып шығу мүмкіндігі артықтау. Далада қалған ол сасқалақтап, қатты қорқып кетуі мүмкін.

    МЫСЫҚҚА ҮЙДЕ ЖАСАЛҒАН ЖАЙЛЫЛЫҚ

    Сіз үнемі үйде жүретін мысыққа жағымды, қауіпсіз әрі қызықты жағдай жасау үшін бірқатар қарапайым әрекет жасай аласыз.

    МЫСЫҚҚА ҮЙДЕГІ ЖАҒДАЙДЫ ҚАЛАЙ ЖАҚСАРТСА БОЛАДЫ

    • Мысықтың тырнақ қайрайтын орны болатындай үйдің әртүрлі жерлеріне тік және көлденең тырнақ егегіштерді орнатыңыз.
    • Тамақ ішу процесін ойынның бір бөлігіне айналдырып, түрлендіре аласыз. Мысалы, бас қатырғыш астауды қолдану
    • Досыңызға өрмелеуге мүмкіндік беру үшін мысықтарға арналған ағашты орнатыңыз.
    • Терезе алдына көрпе немесе плед қойып қойыңыз – мысықтың өз бақылау бекеті болады және ол далада не болып жатқанын көре алады.
    • Терезелердегі барлық қорғаныш торларының мықтап бекітілгеніне және тесіктері жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Отбасы мүшелеріне далаға шығатын есіктерді мықтап жабу керектігін түсіндіріңіз.
    • Үйде тұратын мысықтарға да микрочип орнату қажет.
    • Үйде мысықтар үшін барлық қауіпті және улы өсімдіктерді алып тастаңыз да, оның зиянсыз түрлерінен шағын ғана бақша жасаңыз.
    • Мысығыңызбен барынша жиі ойнаңыз. Сіз ойыншықтарды зоодүкеннен сатып алсаңыз немесе өзіңіз жасай аласыз.

    Бұл мәселені жан-жағынан қарастырып, сіз мысықты далаға шығару керек пе, жоқ па, соны шеше аласыз және болашақта бұл оған пайдасын тигізетініне сенімді боласыз. Ең бастысы, үй жануарыңыздың дене, психологиялық және эмоционалдық қажеттіліктеріне жеткілікті көңіл аударыңыз, сонымен қатар өмірдің әртүрлі кезеңдерінде қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау үшін қажетті сақтық шараларын қолданыңыз.

    СІЗДІ ҚЫЗЫҚТЫРАТЫНЫ

    Жануардың дұрыс салмағын сақтаймыз

    Тамақтану

    Жануардың дұрыс салмағын сақтаймыз

    Дұрыс салмақты сақтау мысықтардың өмір сүру сапасына әсер етеді, ауру туындау қаупін азайтуға

    Мақаланы оқу
    Менің марғауым есейді

    Тамақтану

    Менің марғауым есейді

    Марғауыңыз өсіп келеді, оның мінез-құлқы, сыртқы түрі және рациондағы қажеттіліктері өзгереді.

    Мақаланы оқу
    Аралас азықтандыру – мысық үшін пайдасы

    Тамақтану

    Аралас азықтандыру – мысық үшін пайдасы

    «Аралас азықтандыру» термині – құрғақ азық пен табиғи тамақты үйлестіріп беруді білдірмейді. Бұл – мысықтардың немесе марғаудың рационындағы құрғақ және ылғалды азықтардың үйлесімі.

    Мақаланы оқу
    Жануарды қамқорлықпен тамақтандыру рационы

    Тамақтану

    Жануарды қамқорлықпен тамақтандыру рационы

    Мысық сау, белсенді әрі өмірге риза болу үшін, сондай-ақ дене бітімі қалыпты болу үшін бірнеше қарапайым ұсыныстарды сақтау қажет.

    Мақаланы оқу

    Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
    сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
    изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)