• kz
  • ru
  • Қозғалыс

    Үйдегі белсенділігін ынталандырамыз

    Қазіргі мысық көп уақытын үйде өткізетіндіктен, күн көру үшін оған аң аулаудың қажеті жоқ. Жануардың өміріне қалай белсенділік қосу керектігін айтып береміз.

    КӨҢІЛ-КҮЙДІ КӨТЕРЕТІН ЖАҢА ЕРМЕКТЕР

    Мысықтың айналасындағы орта әр түрлі болып, ойнауға, жасырынуға, зерттеуге, өрмелеуге, тырнауға, бақылауға және де, ұйықтауға деген ынтасын тудыратындай болу керек. Сіз осындай ортаны үйде оп-оңай жасай аласыз. Бұған мысықтарға арналған арнайы ағаштар, арқандар, мысалы, терезенің алды және биік шкафтар көмектеседі. Мысығыңызға адамдарды, әртүрлі заттарды немесе басқа жануарларды жоғарыдан бақылау үшін ыңғайлы шолу орны қажет. Бұл оның психикалық және физикалық күйін жақсартады.

    МЫСЫҚТЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН САҚТАУ

    Мысыққа табиғи инстинктерімен жүруге және жыртқыш болуға мүмкіндік беріңіз. Далада аң аулап, ойын ойнай алатындай қауіпсіз кеңістікті жабдықтаңыз. Мысалы, жануардың қорғалған кеңістікте таза ауада серуендеуге мүмкіндігі болатындай вольер жасаңыз. Бұндай серуендер үй мысығының психикалық қажеттіліктерін қанағаттандырады.

    Мысық мінез-құлқының маманы, Энн-Клэр Ганьонның кеңесі:
    «Жаңа кеңістікті зерттеу мен ойнау кезіндегі дене белсенділігінің көптеген жағымды жақтары бар. Күш жұмсау мен калорияларды азайтудан басқа, ол тұтас алғанда хал-күйіне жақсы әсер етеді: психикалық белсенділікті ынталандырады, бұлшықет массасының дамуына ықпал етеді, осылайша мысықтың метаболизмін/зат алмасуын жақсартады, бұл қозғалғыштығын арттырады және қан айналымын белсендіреді. Бірге ойнаған ойындар мысық пен иесі арасындағы байланысты табиғи түрде нығайтады».

    МЫСЫҚТЫҢ ЕРМЕГІ

    Әр мысыққа ұнайтын ойындар – жылдам және болжанбайтын қимылдардан тұратын, аң аулау мінез-құлқын ынталандыратын шиқылдайтын ойыншықтар болатын және де, дәмді тамақ беріп марапаттаудан тұратын ойындар! Мысықтың белсенділігін ынталандырудың тағы бір жақсы нұсқасы – мысық ағашы, ол жануарға қажетті дене белсенділігін қамтамасыз етеді, тырнақтарды қайрауға, өрмелеуге, жасырынуға және басқаларды бақылауға мүмкіндік береді!

    Мысық мінез-құлқының маманы, Энн-Клэр Ганьонның кеңесі:
    «Азықтандыру кезінде мысықтың белсенділігін ынталандыруға болады деп кім ойлаған! Мұны екі фактор растайды: ең алдымен, ылғалдың көп мөлшері бар ылғалды азықты жеу су тұтынуды арттырады, осының арқасында мысығыңыз белсендірек бола бастайды. Екіншіден, мысықты марапаттау ретінде азық түйіршігін немесе басқа дәмді тамақты алатын ойынға тарту, бұл — іш пыстырмайтын керемет әдіс».

    БІР-БІРІН ҚАЛАЙ ТҮСІНУГЕ БОЛАДЫ?

    Мысықты ойындар мен өзара әрекеттесудің басқа түрлеріне мәжбүрлеп тарту керек емес, және де олар мысығыңыздың тыныштығын/ұйықтайтын уақытын бұзбауы керек. Мысықты белсенділігі үшін қолдаңыз, сөйте тұра, оның физиологиялық ырғағын да құрметтеңіз. Басында бір рет 2–3 минуттық бірге ойнайтын ойын жеткілікті. Жануар ойнауға көңілі бар екенін түсінген кезде ғана ойынға тартуға кеңес береміз! Өзінің қалауы мен қажеттіліктері қандай болса, әр мысық та өзінше бір ерекше. Мысыққа не қажет екенін түсіну үшін ветеринар дәрігерден кеңес алуға ұсыныс береміз.

    СІЗДІ ҚЫЗЫҚТЫРАТЫНЫ

    Жануардың дұрыс салмағын сақтаймыз

    Тамақтану

    Жануардың дұрыс салмағын сақтаймыз

    Дұрыс салмақты сақтау мысықтардың өмір сүру сапасына әсер етеді, ауру туындау қаупін азайтуға

    Мақаланы оқу
    Менің марғауым есейді

    Тамақтану

    Менің марғауым есейді

    Марғауыңыз өсіп келеді, оның мінез-құлқы, сыртқы түрі және рациондағы қажеттіліктері өзгереді.

    Мақаланы оқу
    Аралас азықтандыру – мысық үшін пайдасы

    Тамақтану

    Аралас азықтандыру – мысық үшін пайдасы

    «Аралас азықтандыру» термині – құрғақ азық пен табиғи тамақты үйлестіріп беруді білдірмейді. Бұл – мысықтардың немесе марғаудың рационындағы құрғақ және ылғалды азықтардың үйлесімі.

    Мақаланы оқу
    Жануарды қамқорлықпен тамақтандыру рационы

    Тамақтану

    Жануарды қамқорлықпен тамақтандыру рационы

    Мысық сау, белсенді әрі өмірге риза болу үшін, сондай-ақ дене бітімі қалыпты болу үшін бірнеше қарапайым ұсыныстарды сақтау қажет.

    Мақаланы оқу

    Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
    сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
    изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)