• kz
  • ru
  • Ойын

    Мысықпен ойнаймыз – бұл неге маңызды?

    Ойындар мысықтарға табиғи инстинктерін: бақылау, зерттеу, өрмелеу, шабуыл жасау мен аулауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Одан басқа, ойын – мысықтың жақсы көңіл-күйде жүргенінің, дені сау және үйлесімді өмір сүріп жатқанының белгісі. Бұның барлығы тұтастай алғанда хал-жағдайына әсер етеді.

    Waltham™ ветеринарлық ғылыми-зерттеу орталығының ғалымы, доктор Сандра МакКьюн:
    «Марғау өміріндегі болмашы ғана оқиғалардың өзі оның кейінгі мінез-құлқына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Марғау үшін ойындар табиғи құбылыс болып келеді: олар оған жаңа нәрселерді игеруге, бейтаныс кеңістікті зерттеуге және ең бастысы, эмоционалдық байланыстарды қалыптастыра отырып, айналадағы адамдар мен жануарларға сенуді үйренуге көмектеседі».

    ОЙЫНДАР МАРҒАУДЫҢ ДАМУЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

    Perfect Fit™ кеңесші ветеринар дәрігері, доктор Коринн Лезэннің кеңесі:
    «Ойын дұрыс дамудың негізі болып табылады, әсіресе, бұл менталды дамуға және әлеуметтену процесіне қатысты. Марғаудың туа біткен қызыққа құмарлығын пайдаланып, барынша марапаттаңыз. Оны жылдам әрі болжамсыз қозғалатын кішкентай ойыншықтармен ынталандырып, мамықтай досыңыздың назарын толығымен қаратуға болады. Қызыққұмар марғауды ойынға тарту үшін шағын жұмсақ заттар да жарайды. Оған қоса ойындар марғауыңызға басқа үй жануарларымен тіл табысуға көмектеседі».

    Марғауыңызға ұнайтын көптеген ойындар бар. Мысалы, картон қорапта жасырыну және жұмсақ затты аңду, қауырсын артынан жүгіру немесе көру аймағынан жоғалып, қайта пайда болатын ойыншықтарды нағыз тыңшылық бақылау. Ең бастысы қолыңызды сақтаңыз, марғау оны олжа деп қалуы мүмкін! Біз сізге марғаумен бәсекелеспей, оған жеңуге мүмкіндік беруге кеңес береміз – ешкім жеңілгенді ұнатпайды, әсіресе жас кезінде!

    МЫСЫҒЫҢЫЗБЕН ОЙНАЙТЫН КЕЗ

    Мысықтардың иелері үшін ойын – көңіл көтеру мен қуаныштың көзі, ал жануарлардың өздері үшін – дене қалпын жақсы күйде сақтаудың тиімді әдісі. Мысықты ойынға тарту үшін түрлі ойыншықтарды қолдана аласыз. Мысалы, пинг-понгқа арналған доптар. Картон қораптар, сөздің шыны керек, ойыншық болмаса да, кез келген жастағы мысықтарға ұнайды. Дәл солай беріліп ойнайтын заттары кішкентай, көбінесе мамықтай болады, олар мысығыңыздың нағыз жыртқыш қасиетін оятады. Бөлменің тік кеңістігін пайдаланып, қағілез досыңызға жаңа ойындар ойнау үшін жағдай жасаңыз: мысыққа өрмелеуге, жасырынуға және айналада болып жатқан оқиғаларды биіктен бақылауға мүмкіндік беріңіз.
    Уақыт өте мысықтың белсенділігі төмендеп, сирек ойнайтын болады, бұл қалыпты жағдай. Кейбір мысықтар 8 жасқа толғаннан кейін де ойнағанды жалғастырады, ал кейбіреулері ойнамайды. Жануардың жасына қарамастан, әрдайым мысықты ойын ойнауға тартыңыз.

    ЕРЕСЕК ЖАСТАҒЫ МЫСЫҚПЕН ҚАЛАЙ ОЙНАУҒА БОЛАДЫ

    Сезім мүшелері қызметінің төмендеуі және бүкіл ағза жұмысының өзгерістері ересек жастағы мысықтардың мінез-құлқына әсер етеді. Қимылдың шектелуі мысықтың жаңа нәрсені зерттеуге немесе ойнауға деген ниетін төмендетуі мүмкін, сондай-ақ бірқалыпты өмір сүруге итермелейді. Осы өмірлік кезеңде ойынның анағұрлым тыныш түрлерін ойнаңыз. Мысалы, оның мысық инстинктіне қараңыз да, оған құстарды бақылауға немесе кішкентай, тез қозғалатын заттарды аңдуға мүмкіндік беріңіз.

    СІЗДІ ҚЫЗЫҚТЫРАТЫНЫ

    Жануардың дұрыс салмағын сақтаймыз

    Тамақтану

    Жануардың дұрыс салмағын сақтаймыз

    Дұрыс салмақты сақтау мысықтардың өмір сүру сапасына әсер етеді, ауру туындау қаупін азайтуға

    Мақаланы оқу
    Менің марғауым есейді

    Тамақтану

    Менің марғауым есейді

    Марғауыңыз өсіп келеді, оның мінез-құлқы, сыртқы түрі және рациондағы қажеттіліктері өзгереді.

    Мақаланы оқу
    Аралас азықтандыру – мысық үшін пайдасы

    Тамақтану

    Аралас азықтандыру – мысық үшін пайдасы

    «Аралас азықтандыру» термині – құрғақ азық пен табиғи тамақты үйлестіріп беруді білдірмейді. Бұл – мысықтардың немесе марғаудың рационындағы құрғақ және ылғалды азықтардың үйлесімі.

    Мақаланы оқу
    Жануарды қамқорлықпен тамақтандыру рационы

    Тамақтану

    Жануарды қамқорлықпен тамақтандыру рационы

    Мысық сау, белсенді әрі өмірге риза болу үшін, сондай-ақ дене бітімі қалыпты болу үшін бірнеше қарапайым ұсыныстарды сақтау қажет.

    Мақаланы оқу

    Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
    сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
    изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)