• kz
  • ru
  • Тамақтану

    Менің марғауым есейді

    Марғауыңыз өсіп келеді, оның мінез-құлқы, сыртқы түрі және рациондағы қажеттіліктері өзгереді. Епсіз кішкентай марғаудан өз ұрпағын жалғастыра алатын әп-әдемі ересек жануарға айналу – кез-келген мысықтың өміріндегі анағұрлым маңызды кезеңдерінің бірі. Ұрықсыздандыру және піштіру де көптеген мысықтардың өміріндегі маңызды оқиға болып табылады және дұрыс рационды таңдау мен азық калориясын төмендетумен қатар жүруі керек. Осы өзгерістердің бәрі неден тұратынын білсеңіз, олар жеңілірек және тыныш өтеді.

    ӨМІРДІҢ ӘРТҮРЛІ КЕЗЕҢДЕРІНДЕГІ ТАМАҚТАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

    Өмірдің алғашқы 6 айында марғау өте жылдам өседі. 6 айға келгенде өсуі баяулайды. 12 айда қызығушылық танытатын мысығыңыз әлі де марғауға ұқсайды, әлі де болса, тентектігін қоймайды. Дегенмен, 1 жасқа келгенде марғау ересек және дербес болып саналады.

    ТАМАҚТАНУДАҒЫ ҚАЖЕТТІЛІК ЖӘНЕ ӨМІР СҮРУ ДАҒДЫСЫ

    Есейген сайын марғаудың өзгеретін қажеттіліктерін ескеру қажет. Қоректік заттарға деген қажеттілігіне өсу қарқыны баяулағанымен қатар, өмір сүру дағдысы да әсер етеді. Дене белсенділігінің төмендеуі бірқатар факторларға байланысты болуы мүмкін: мысықтың сыртқа шыға алуы немесе шыға алмауы, ұрықсыздандыру, үйде қосымша белсенділікті ынталандыратын басқа үй жануарларының болуы. Мысалы, далаға шығып, басқа үй жануарларымен ойнай алатын жас ересек мысық далаға шықпайтын және үйдің жалғыз жануары болып табылатын мысыққа қарағанда күшті көбірек жұмсайды.

    МАРҒАУДЫҢ ТАҒАМДЫҚ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ

    Ұзақ өмір сүрудің алғашқы қадамы – марғаудың және ересек мысықтың тамақтану қажеттілігінің айырмашылығын түсініп білу. Асқазаны кішкентай болуына байланысты марғауды тойдыру үшін тәулігіне 18 ретке дейін тамақтандыру керек және ақуызға, майларға бай, құрамы макро- және микроэлементтермен теңгерілген және марғаудың энергияға жоғары қажеттіліктерін қанағаттандыратын жеткілікті калориясы бар рацион қажет. Онымен қоймай, марғау өте белсенді: үнемі ойын ойнау, тентектік жасау және физикалық даму үшін марғауға жоғары сапалы, толыққанды әрі теңгерілген тамақ қажет. Бұл оның бүкіл кейінгі өмірінің дұрыс негізін қамтамасыз етеді. Сондықтан марғауларды өмірінің бірінші жылы арнайы әзірленген рациондармен тамақтандыруға ұсыныс береміз.

    МАРҒАУДЫҢ ЕСЕЮІ

    Жыныстық жетілу сәті жақындаған 6 айлық жас ұрықсыздандыру үшін ең қолайлы кез деп саналады. 4–6 айлық жастағы марғауларды ерте ұрықсыздандыруға да болады. Ұрықсыздандыру жануардың тәбеті мен зат алмасуына әсер ететінін есте сақтаңыз. Мысалы, ұрықсыздандырылған мысықтың калория мөлшеріне қажеттілігі азаяды, бұл ұрықсыздандырылғаннан кейінгі алғашқы айларда дене салмағын тез қосуға әкелуі мүмкін. Ұрықсыздандырылғаннан кейінгі алғашқы 18 апта ішінде жануардың дене салмағының өзгерісіне назар аударып, тұтынылатын азық мөлшерін мұқият қадағалау керек.

    МАРҒАУЛАР РАЦИОНЫНАН ЕРЕСЕК МЫСЫҚТАР РАЦИОНЫНА АУЫСТЫРУ

    Ересек мысыққа белсендігі төмен өмір дағдысына, өсу қарқынының төмендеуіне және ұрықсыздандырылғаннан кейін зат алмасудың баяулауына байланысты азық аз мөлшерде керек. Марғау 1 жасқа келгенде ақуыздар мен майлар аз болатын ересек мысықтардың рационына ауыстыру керек. Егер ұрықсыздандыратын болсаңыз, онда жануарыңызды ересек мысықтардың рационына ертерек, 6 айдан бір жылға дейін, ветеринар дәрігердің ұсыныстарына сүйене отырып және марғауыңыз ересек мысықтың дене салмағына жеткен жағдайда ғана ауыстыра аласыз.

    АЗЫҚТЫҢ ЖАҢА ТҮРІНЕ ДҰРЫС ЖӘНЕ БІРТІНДЕП АУЫСТЫРУ

    Есіңізде болсын, марғау азығынан ересек мысықтар азығына біртіндеп ауыстыру керек. Кенет ауыстыру ас қорытудың бұзылуына әкелуі мүмкін, ал 5–8 күн ішінде рационды ауыстыру мысықтың жаңа азық түріне бейімделуіне көмектеседі.
    Марғау рационына ересек мысық азығының 10%-ін енгізуден бастаңыз. Екі күн сайын азықтың проценттік құрамын көбейтіңіз. Әдетте жетінші-сегізінші күнде жануар жаңа рационға жақсы бейімделеді. Жаңа дәм мен тамақ түрлеріне үйретудің ең қолайлы уақыты — ерте жастан басталады, бірақ оны жасамаған болсаңыз, онда мысықты жаңа дәмдермен қазір таныстыра бастасаңыз болады. Бұл мысығыңызға тамаққа келгенде тым қырсық болмауға көмектеседі.

    ЖАС МЫСЫҚТЫҢ САЛМАҒЫН БАҚЫЛАУ

    Ересек мысықтар рационына өткеннен кейін мысықтың салмағын қадағалау әсіресе маңызды. Оңтайлы салмақты сақтау үшін оның құрғақ рационына ылғалды азықты қоса аласыз. Ылғалды азықтың негізгі артықшылығы — құрамында судың мөлшері көп болуы, бұл мысыққа әрдайым жақсы.

    САЛМАҚТЫҢ АЗДЫҒЫ

    Көбіміз мысықтың артық салмақ қоспағанына алаңдаймыз. Бірақ тым арық болмауын да қадағалау қажет. Егер мысық аяқ астынан тамақ ішуден бас тартса, онда ветеринар дәрігерге апаруға кеңес береміз. Салмақты жоғалту денсаулыққа байланысты проблемалар барын және рационның мысық қажеттіліктеріне сәйкес келмейтінін білдіреді. Бұл жағдайда дәрігер диетаны қалай өзгертуге болатыны жайында кеңес береді. Сонымен қатар гельминттерден үнемі тазалап тұру қажет.

    МЫСЫҚТЫҢ ДҰРЫС ТАМАҚТАНУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ МАҢЫЗДЫ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ

    Марғаудың физикалық және психологиялық өзгерістерін түсіну есею кезеңінен еш қиындықсыз өтуге көмектеседі. Марғаудың өсуіне және дамуына толыққанды тамақтанудың тигізетін әсерін бағаламай қоюға болмайды. Мысығыңызға үйлестірілген және жасына сәйкес рационды неғұрлым ертерек таңдасаңыз, соғұрлым оның денсаулығы өмір бойы жақсы әрі мықты болады.

    СІЗДІ ҚЫЗЫҚТЫРАТЫНЫ

    Жануардың дұрыс салмағын сақтаймыз

    Тамақтану

    Жануардың дұрыс салмағын сақтаймыз

    Дұрыс салмақты сақтау мысықтардың өмір сүру сапасына әсер етеді, ауру туындау қаупін азайтуға

    Мақаланы оқу
    Аралас азықтандыру – мысық үшін пайдасы

    Тамақтану

    Аралас азықтандыру – мысық үшін пайдасы

    «Аралас азықтандыру» термині – құрғақ азық пен табиғи тамақты үйлестіріп беруді білдірмейді. Бұл – мысықтардың немесе марғаудың рационындағы құрғақ және ылғалды азықтардың үйлесімі.

    Мақаланы оқу
    Жануарды қамқорлықпен тамақтандыру рационы

    Тамақтану

    Жануарды қамқорлықпен тамақтандыру рационы

    Мысық сау, белсенді әрі өмірге риза болу үшін, сондай-ақ дене бітімі қалыпты болу үшін бірнеше қарапайым ұсыныстарды сақтау қажет.

    Мақаланы оқу
    Мысықпен серуендеу

    Қозғалыс

    Мысықпен серуендеу

    Жануарды далаға шығару қажет пе? Тіпті тәжірибелі мысық иелерін толғандыратын сұрақ.

    Мақаланы оқу

    Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
    сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
    изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)