• kz
  • ru
  • Тамақтану

    Жануардың дұрыс салмағын сақтаймыз

    Дұрыс салмақты сақтау мысықтардың өмір сүру сапасына әсер етеді, ауру туындау қаупін азайтуға және өмір сүру ұзақтығын арттыруға көмектеседі. Өкінішке орай, соңғы зерттеулер көрсеткендей, үй жануарларының шамамен 50% артық салмақтан немесе семіздіктен зардап шегеді. Осындай үлкен көрсеткіштер көбінесе жануарларға дене жүктемесі жетіспейтініне байланысты. Одан басқа, иелері оның қалыпты салмағын сақтау үшін мысық өмірінің түрлі кезеңдерінде рационға қойылатын ерекше талаптарды әрдайым ескере бермейді. Мысықтың артық салмақ жинауына келесі факторлар әсер етуі мүмкін:
    • жынысы;
    • ұрықсыздандыру;
    • қосалқы аурулар;
    • жасы;
    • дене жүктемесінің жетіспеушілігі.
    Рационды таңдау жануардың өмір сүру дағдысын және нақты жасын ескере отырып, жеке қарауды талап ететіні мәлім.

    ТЕҢГЕРІМГЕ ЖЕТУ

    Мысығыңыздың азыққа қажеттілігін есептеу үшін жынысын, жасын, ұрықсыздандырылған ба әлде жоқ па, белсенділігін және өмір сүру дағдысын ескеру қажет.

    Perfect Fit™ тамақтары жөніндегі маман, доктор Корнелий Эверингтің кеңесі:
    «Жануардың тұтынатын тамағының көлемі дұрыс салмақ сақтауда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Алайда, мысықты «қалай» және «қашан» тамақтандыратыныңыз да маңызды. Жарты күн бойы (күніне 14–18 сағат) мамықтай досыңыз ұйықтайды, ал тамақтануға тәулігіне бір сағаттан аз уақыт бөледі. Демек, бүкіл күндізгі рацион шағын порцияларға біркелкі етіп бөлінуі тиіс. Бұған құрғақ азыққа арналған арнайы әзірленген астаулар көмектеседі. Олардың тағы бір артықшылығы ой еңбегін ынталандыру болып табылады: мысық өз жастықшаларын алу үшін ойланып, қосымша күш жұмсауы тиіс.»

    Тұтынатын калорияларды өзгерту – мәселенің жартылай шешімі. Кейбір жағдайларда арнайы емдік азықтар көмектеседі. Бірақ мысықтың оңтайлы салмағын және денсаулығын сақтау үшін кешенді әдіс керек. Жануарға үнемі дене жүктемелері, мысалы, күнделікті ойындар қажет екенін ұмытпаңыз.

    PERFECT FIT™ дәрігер-кеңесшісі, ветеринар доктор Коринн Лезэнның кеңесі:
    «Аңшылық» және «іздеу» ойындары мысығыңызға жақсы дене қалпын сақтауға күшті көмектеседі. Осы сияқты ынталандыру болмаған кезде оның іші пысады да, тамақ оның ермегіне айналады. Мысық тамақ сұрағанда, оған дәмді азық берсеңіз, бұның дағдыға айналуын тездететініңізді есте ұстаңыз. Дәмді азықты ойнағанда немесе үйреткенде ғана қолданыңыз: ол мысықты бір уақытта қуантады және тырысқаны үшін марапаты да болады, сондай-ақ іш пысумен күресуге көмектесетін белсенділікті де ынталандырады. Бұл ретте күні бойы бүкіл ішкен тамағының жиынтық энергетикалық құндылығын ескеру қажет. Күнделікті тұтынатын жалпы калорияларын арттырмау үшін азық порциясының мөлшерін өзгертіп отырыңыз».

    ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ҮШ ҚҰРАМДАСЫ

    Жануардың әл-ауқатының негізгі факторы – кешенді әдісті қолдану. Дұрыс тамақтану, дене белсенділігінің оңтайлы деңгейі және бірге ойын ойнағанда ақыл-ой белсенділігін ынталандыру. Бұл үш құрамдас Perfect Fit™ философиясының негізінде жатыр, ол жануардың өмір бойы өмірлік күшін және денсаулығын сақтауға көмектесетініне сенеміз. Бұл үш құрамдас бірге жұмыс істейді және бір-бірін толықтырады, жануардың жалпы хал жағдайын жақсартады, сонымен қатар иесімен тығыз қарым-қатынас жасауға ықпал етеді. Жануардың дұрыс салмағын сақтау белгілі бір тәртіпті қажет етеді. Есіңізде болсын, бұл мысықтың денсаулығын сақтап, өмір бойы өзін жақсы сезіну үшін қажет. Тұтынылатын рационның сапасы мен көлемі, әсіресе артық салмақ қосуға бейім ұрықсыздандырылған мысықтар үшін негізгі факторлар болып табылады. Дене жүктемелері туралы ұмытпаңыз және жануарыңызбен көбірек ойнаңыз.

    СІЗДІ ҚЫЗЫҚТЫРАТЫНЫ

    Менің марғауым есейді

    Тамақтану

    Менің марғауым есейді

    Марғауыңыз өсіп келеді, оның мінез-құлқы, сыртқы түрі және рациондағы қажеттіліктері өзгереді.

    Мақаланы оқу
    Аралас азықтандыру – мысық үшін пайдасы

    Тамақтану

    Аралас азықтандыру – мысық үшін пайдасы

    «Аралас азықтандыру» термині – құрғақ азық пен табиғи тамақты үйлестіріп беруді білдірмейді. Бұл – мысықтардың немесе марғаудың рационындағы құрғақ және ылғалды азықтардың үйлесімі.

    Мақаланы оқу
    Жануарды қамқорлықпен тамақтандыру рационы

    Тамақтану

    Жануарды қамқорлықпен тамақтандыру рационы

    Мысық сау, белсенді әрі өмірге риза болу үшін, сондай-ақ дене бітімі қалыпты болу үшін бірнеше қарапайым ұсыныстарды сақтау қажет.

    Мақаланы оқу
    Мысықпен серуендеу

    Қозғалыс

    Мысықпен серуендеу

    Жануарды далаға шығару қажет пе? Тіпті тәжірибелі мысық иелерін толғандыратын сұрақ.

    Мақаланы оқу

    Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
    сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
    изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)