• kz
  • ru
  • Тамақтану

    Жануарды қамқорлықпен тамақтандыру рационы

    ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ

    Мысығыңыз өсіп, есейіп келеді, әдеттерін, тәртібін және өмір сүру салтын өзгертеді, оған қоса тамақтанудағы қажеттіліктері де өзгереді. Мысық сау, белсенді әрі өмірге риза болу үшін, сондай-ақ дене бітімі қалыпты болу үшін бірнеше қарапайым ұсыныстарды сақтау қажет.

    АЗЫҚТАНДЫРУ

    6 айға дейін

    Марғаулар өте белсенді әрі ойнақы келеді, олар әлемді енді танып жатады, үйренеді, үйдегі әрбір бұрышты зерттейді. Марғаулар емуді тоқтатқан соң, 6 айға дейін ересек мысықтарға қарағанда 2 есе көп энергияны қажет етеді.
    Марғауларға арналған арнайы азықты қолданыңыз, құрғақ және ылғалды рациондарды кезекпен беріңіз, сондай-ақ азықты 3–4 қабылдауға бөліңіз.

    90 – 130 ккал/кг аралығында

    1 жасқа дейін

    6 айдан 12 айға дейінгі аралықта ұрықсыздандырылған мысықтың ағзасы калорияны аз жұмсайды, сол себептен салмағы 20% дейін артуы мүмкін. Артық калорияның есесін қайырып, жануарыңызға салмағын сақтауға көмектесу үшін тамақтану рационын өзгертіп көріңіз.

    80 – 100 ккал/кг аралығында

    Ересек және ұрықсыздандырылған мысықтар

    Тұқымдардың көпшілігі үшін мінсіз салмақ – 4 кг. Мысығыңыздың оңтайлы салмағын білу үшін ветеринар дәрігерден кеңес алыңыз.

    Жануардың дұрыс салмағын сақтау үшін кеңестерімізге құлақ түріңіз!
    • Мысық көбірек қозғалу үшін ойыншық астауды қолданыңыз.
    • Жануарға калориясы аз ылғалды азық беріңіз.
    • Мысық дәмді азықты қосқанда 10%-тен көп емес калория алуын бақылаңы.

    Дене белсенділігіне
    қарай күніне 208–220
    ккал ±10% (салмағы 4
    кг мысықтар үшін).

    Үй жануарларының өмір сүру ұзақтығының орташа мәні өсіп келеді. Мысығыңыздың денсаулығын сақтап, өмірінің әрбір кезеңінде оны нығайтатын тамақтандыру жайында ойлаңыз.

    Жануардың жасына және өмір сүру салтына сәйкес келетін тамақтану түрін таңдаңыз. Мысықтың дене қалпын сақтайтын және көңіл-күйін көтеретін қозғалыс пен ойын ойнау жайында ұмытпаңыз.

    СІЗДІ ҚЫЗЫҚТЫРАТЫНЫ

    Жануардың дұрыс салмағын сақтаймыз

    Тамақтану

    Жануардың дұрыс салмағын сақтаймыз

    Дұрыс салмақты сақтау мысықтардың өмір сүру сапасына әсер етеді, ауру туындау қаупін азайтуға

    Мақаланы оқу
    Менің марғауым есейді

    Тамақтану

    Менің марғауым есейді

    Марғауыңыз өсіп келеді, оның мінез-құлқы, сыртқы түрі және рациондағы қажеттіліктері өзгереді.

    Мақаланы оқу
    Аралас азықтандыру – мысық үшін пайдасы

    Тамақтану

    Аралас азықтандыру – мысық үшін пайдасы

    «Аралас азықтандыру» термині – құрғақ азық пен табиғи тамақты үйлестіріп беруді білдірмейді. Бұл – мысықтардың немесе марғаудың рационындағы құрғақ және ылғалды азықтардың үйлесімі.

    Мақаланы оқу
    Мысықпен серуендеу

    Қозғалыс

    Мысықпен серуендеу

    Жануарды далаға шығару қажет пе? Тіпті тәжірибелі мысық иелерін толғандыратын сұрақ.

    Мақаланы оқу

    Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
    сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
    изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)