• kz
  • ru
  • Тамақтану

    Аралас азықтандыру – мысық үшін пайдасы

    «Аралас азықтандыру» термині – құрғақ азық пен табиғи тамақты үйлестіріп беруді білдірмейді. Бұл – мысықтардың немесе марғаудың рационындағы құрғақ және ылғалды азықтардың үйлесімі. Аралас азықтандыру үйлестірілген рационды қамтамасыз етіп және тамақ ішуді жағымдырақ етіп, жануардың жалпы хал-жағдайын жақсартып қана қоймай, сонымен қатар өмір бойы оның денсаулығына қолайлы әсер етеді.

    МАРҒАУ РАЦИОНЫ

    Сіз білетіндей, марғаудың дәм талғамдары көбінесе анасының рационымен және кейіннен өмірінің бірінші жылында өзіңіз таңдап берген рационымен анықталады. Сондықтан әр түрлі тағам түрлерімен оны мүмкіндігінше ертерек таныстырған жөн. Әсіресе, бұл құрғақ және ылғалды азықтар үйлесіміне қатысты.
    2–3 айлық жасында марғауды жаңа тағамдарды біртіндеп енгізе отырып, түрлі рациондармен таныстыру ұсынылады. Ерте жаста түрлі дәмнің бәрін татып көрген жануар онша талғампаз болып өспейді.

    Perfect FIT™ кеңес беруші ветеринар дәрігері, доктор Корин Лозэннің кеңесі:
    «Марғаулар әдетте жаңа рациондардың дәмін татып көруді ұнатады, оларға жаңа иістерді, дәмдер мен консистенцияларды анықтаған ұнайды. Алайда, күйзеліс жағдайында мысықтар жаңа тағамның дәмін татудан бас тартып, өздеріне үйреншікті азық түрін таңдайды. Яғни, марғаудың дәм талғамдарын кеңейтіп, оны ерке талғампазға айналдырмау үшін оған жайлы жағдай жасау керек».

    ҰРЫҚСЫЗДАНДЫРЫЛҒАН МЫСЫҚТЫҢ ТӘБЕТІ

    Қазіргі жағдайда, бір жасында барлық мысықтардың 93%-і ұрықсыздандыру процедурасынан өтеді, бұл ретте барлық мысықтардың 10%-і ешқашан далаға шықпайды.
    Бұл аз қимылдап өмір сүруге алып келеді де, артық салмақ жинау және несеп шығару жүйесі ауруларының даму қаупін арттырады. Одан басқа, көптеген ересек мысықтардың жалпы белсенділік деңгейінің біртіндеп төмендеуі байқалады. Ұрықсыздандырудан кейін азықтың күнделікті көлемі қайтадан есептеліп, өзгертілгені өте маңызды. Емдейтін ветеринар дәрігер ұрықсыздандырудан кейін тамақтану мәселесіне дұрыс қарау жолдарын айтып береді.

    Perfect FIT™ кеңес беруші ветеринар дәрігері, доктор Корин Лозэннің кеңесі:
    «Ұрықсыздандырылғаннан кейін мысық салмақ қосуға бейім болуы мүмкін. Жануарлардың иелеріне мысық әлі де өседі деген оймен, салмағы артқан сайын порция мөлшерін де ұлғайтып, әдеттегі қателікті жасамау керек.
    Мысықтың салмағын бақылаудың тиімді әдістерінің бірі — аралас тамақтандыру — құрғақ азық пен, мысалы, күніне 1 пакет ылғалды азықтың үйлесімі. Ылғалды рациондардың су мөлшері көп, яғни ылғалды азықтың аса көлемді порциясында құрғақ азықтың әдеттегі порциясымен бірдей көлемде калориялар бар, бұл мысықтың тоқ жүруіне және де тәуір қалпын сақтауына мүмкіндік береді. Одан басқа, ылғалды және құрғақ азық үйлесімінің басқа да жақсы қасиеттері бар: су теңгерімін сақтауға және несеп-жыныс жүйесінің саулығын ойлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол рационды түрлендіріп, тартымды етеді, мысығыңыз оған міндетті түрде өз бағасын береді».

    PERFECT FIT™ КӘСІБИ РАЦИОНДАРЫ

    Рационы Perfect Fit™ были разработаны на основе опыта научно-исследовательского ветеринарного центра WALTHAM™ с учетом особенностей образа жизни и потребностей кошек.

    1 Исследование Ipsos об уходе за домашними животными 2016.
    2 Для взрослой кошки со средним весом 4 кг. WALTHAM® Science.
    3 Кэмерон 2010, Александр 2013, WALTHAM® Science.

    СІЗДІ ҚЫЗЫҚТЫРАТЫНЫ

    Жануардың дұрыс салмағын сақтаймыз

    Тамақтану

    Жануардың дұрыс салмағын сақтаймыз

    Дұрыс салмақты сақтау мысықтардың өмір сүру сапасына әсер етеді, ауру туындау қаупін азайтуға

    Мақаланы оқу
    Менің марғауым есейді

    Тамақтану

    Менің марғауым есейді

    Марғауыңыз өсіп келеді, оның мінез-құлқы, сыртқы түрі және рациондағы қажеттіліктері өзгереді.

    Мақаланы оқу
    Жануарды қамқорлықпен тамақтандыру рационы

    Тамақтану

    Жануарды қамқорлықпен тамақтандыру рационы

    Мысық сау, белсенді әрі өмірге риза болу үшін, сондай-ақ дене бітімі қалыпты болу үшін бірнеше қарапайым ұсыныстарды сақтау қажет.

    Мақаланы оқу
    Мысықпен серуендеу

    Қозғалыс

    Мысықпен серуендеу

    Жануарды далаға шығару қажет пе? Тіпті тәжірибелі мысық иелерін толғандыратын сұрақ.

    Мақаланы оқу

    Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
    сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
    изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)