• kz
  • ru
  • Мен және менің жануарым

    Үйде мысық пайда болды

    Үйде мысықтың пайда болуы – сіз бен отбасының жаңа мүшесі үшін маңызды сәт. Үйге жаңадан келген жануарыңыз жаңа отбасы мүшелерінің ортасында өзін қалай сезінетінін ойлап алаңдайсыз. Сол сияқты мысықты да ортаны ауыстырғаны қатты толғандырады.
    Осындай қуанышты оқиғаға дайындалып, өзіңізге де, мысығыңызға да қатты саспай, бірге болған алғашқы күндерден бастап қуаныш сезіміне бөленуге көмектесіңіз.

    МЫСЫҚ ӨЗІН ҮЙДЕ ЕРКІН ҰСТАУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

    Жануарыңызбен кездесуге дайындалыңыз. Үйді жайлы әрі қауіпсіз етіңіз, алғашқы қажетті заттарының қамын ойластырып қойыңыз.

    ЖАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

    • Жаңа дәретхана ыдысын сатып алыңыз. Егер сіздің басқа мысықтарыңыз бар болса, әрқайсысының өз ыдысы болу керектігін есте ұстаңыз. Тиісті гигиенаны қамтамасыз ету үшін оны үнемі тазалап, толтырманы ауыстырып тұрыңыз. Ыдысты тыныш/оңаша жерге, тамақтану, ұйықтау және ойнау орындарынан алыс жерге орналастырыңыз.
    • Тырнақ егегішті орнатыңыз. Бұл мысықтың тырнағын егеуге, ал сіздің диван, кресло мен тұсқағаз үшін алаңсыз жүруіңізге көмектеседі.
    • Жүніне күтім жасау үшін сапалы тарақтар мен керек-жарақтарды сатып алыңыз. Мысықты аптасына бір немесе екі рет тараңыз – ол бас терісі ауруларының түзілуіне жол бермейді, сондай-ақ жануар өзін-өзі күткен кезінде қылшықтарын жұту нәтижесінде асқазанда қылшықтардың кесектеліп қалуынан қорғайды.
    • Мамықтай досыңыздың тезірек үйренісуіне көмектесу және аумақты белгілеуін шектеу үшін синтетикалық мысық феромондарын қолданып көріңіз. Мысық жаңа орынды асықпай танып, зерттеп алуы үшін оны күніне бір рет жиһазға шашыңыз.

    ҚАУІПСІЗ ОРТА

    • Мысық үшін қауіпті болатын және улы заттардың бәрін алып тастағаныңызға көз жеткізіңіз. Тұрмыстық химия заттарынан басқа, шоколад, шай, кофе сияқты кейбір тағамдар, тіпті өсімдіктер де (олеандр, лалагүл, пуансеттия, филодендрон, гортензия, гиацинт, нарцисс және қызғалдақ) мысықтарға улы екенін ұмытпаңыз.
    • Мысық немесе марғау бүкіл электр сымдарды шайнап тастамау үшін барлығын тығып/алып тастаңыз! Өткір заттарды және сынатын, жалайтын немесе сындыратын барлық заттарды алып тастаңыз. Биіктен құлап қалудың алдын алу үшін тереені ашып қойғанда мысықты қараусыз қалдырмаңыз.
    • Қажет болған жағдайда әрдайым қол астында болу үшін ұялы телефонға жақын жердегі тәулік бойы жұмыс істейтін ветеринарлық клиниканың немесе ветеринар дәрігердің нөмірін жазып алыңыз. Профилактикалық тексеруден өту, вакцинация жасау мен паразиттерге қарсы өңдеу үшін ветеринар дәрігерге үнемі барып тұрыңыз.

    ҮЙГЕ ТАСЫМАЛДАУ

    • Жануардың үйге баруын жайлы ету үшін мысық тасымалдағышын сатып алыңыз. Синтетикалық мысық гормондарын тасымалдағышқа тасымалдау күнінен бір күн бұрын 4 рет шашыңыз – бұл мысыққа немесе марғауға алғашқы сапар кезінде өзін сенімді сезінуге көмектеседі.
    • Ескі ойыншықтың немесе алдыңғы үйдегі пледтің иісі мысықтың қобалжуын басуға көмектеседі.

    БІРГЕ ӨТКІЗЕТІН АЛҒАШҚЫ КҮН

    Үйде мысықтың пайда болуына тиісті дайындық болмаса, ол екеуіңіз үшін де өте қиын болуы мүмкін. Сіз де, отбасыңыз да жануардың пайда болуына қуанып жатқанда, мысыққа бұл күні барынша қолдау қажет болады.

    ОТБАСЫМЕН ТАНЫСУ

    • Мысық отырған тасымалдағышты бөлек бөлмеге қойыңыз. Мысық кейіннен асықпай ортаны танып білу үшін бөлменің есігін ашып қойыңыз.
    • Мысығыңызды отбасымен және басқа жануарлармен біртіндеп таныстырыңыз. Бірінші күннен бастап бірден барлығымен араласуға мәжбүр етпей, отбасы мүшелерін кезекпен таныстырыңыз.
    • Мүмкіндігінше, қатты және қорқытатын дыбыстардан аулақ ұстаңыз. Олар жануарыңызды шошытып жіберуі мүмкін (шаңсорғыш, бұрғы, блендер және т. б.).

    ДӘМДІ ТАМАҚ БЕРУ ЖӘНЕ БІРГЕ ОЙНАУ

    • Өтпелі диаетаның 5–7 күнінен кейін мысыққа арналған әдеттегі күнделікті рационды қалыптастырыңыз, жасына, күйіне және белсенділік деңгейіне сәйкес тамақтану сапасын және азық көлемін ескеріңіз (4 кг үшін күніне орта есеппен 50 грамм).
    • Мысықтар суды аз ішеді. Мысықтың таза суы әрдайым қолжетімді екеніне көз жеткізіп, судың қажетті мөлшерін қамтамасыз ету үшін күнделікті рационға ылғалды азықты қосыңыз (4 кг үшін күніне орта есеппен 150 мл).
    • Ойыншық сатып алыңыз! Ойын сізге жануарыңызбен байланысты нығайтуға көмектеседі. Бұл белсенділікті сақтаудың керемет әдісі. Үй жануары сіздің назарыңызға және ойын ойнауға көбірек мұқтаж екенін естен шығармаңыз. Бұл берік достықтың негізіне айналады!

    СІЗДІ ҚЫЗЫҚТЫРАТЫНЫ

    Жануардың дұрыс салмағын сақтаймыз

    Тамақтану

    Жануардың дұрыс салмағын сақтаймыз

    Дұрыс салмақты сақтау мысықтардың өмір сүру сапасына әсер етеді, ауру туындау қаупін азайтуға

    Мақаланы оқу
    Менің марғауым есейді

    Тамақтану

    Менің марғауым есейді

    Марғауыңыз өсіп келеді, оның мінез-құлқы, сыртқы түрі және рациондағы қажеттіліктері өзгереді.

    Мақаланы оқу
    Аралас азықтандыру – мысық үшін пайдасы

    Тамақтану

    Аралас азықтандыру – мысық үшін пайдасы

    «Аралас азықтандыру» термині – құрғақ азық пен табиғи тамақты үйлестіріп беруді білдірмейді. Бұл – мысықтардың немесе марғаудың рационындағы құрғақ және ылғалды азықтардың үйлесімі.

    Мақаланы оқу
    Жануарды қамқорлықпен тамақтандыру рационы

    Тамақтану

    Жануарды қамқорлықпен тамақтандыру рационы

    Мысық сау, белсенді әрі өмірге риза болу үшін, сондай-ақ дене бітімі қалыпты болу үшін бірнеше қарапайым ұсыныстарды сақтау қажет.

    Мақаланы оқу

    Мы используем cookie-файлы для персонализации содержимого сайта и рекламных объявлений, а также для обеспечения функционала социальных
    сетей и анализа нашего трафика. Ознакомьтесь с нашей Политикой в отношении cookie-файлов. Вы можете использовать настройки cookie-файлов, чтобы
    изменить свои предпочтения. Узнайте больше о нашей политике в отношении файлов cookie (opens in a new tab)